Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер саны азайып келеді

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2043130
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер саны  азайып келеді

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер саны біртіндеп азайып келеді.

Шетелдік жұмысшылар саны 2022 жылдың 1 қазанында 15 мың 434 болса, биылғы жылдың 1 қыркүйегінде олардың саны 14 мың 571-ге азайды.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 14 мың 571 шетелдік жұмыс істейді.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Шетелдік жұмысшылар саны 2022 жылы 15 мыңнан асса, 2023 жылы 14 мың 571-ге дейін азайды. Оның ішінде 527 адам басшы және көмекші санатында жұмыс істесе, 2732 адам құрылымдық бөлім меңгерушісі болып қызмет етеді.

Шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі сарапшы және білікті жұмысшы ретінде жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту салаларының ішінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі секторлары алдыңғы қатарда.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің 26,2 пайызы Қытайдан, 13,3 пайызы Өзбекстаннан, 9,2 пайызы Түркиядан, 9,4 пайызы Үндістаннан келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар