Қарабахта жарылыс

Көптеген адамның қаза тапқаны хабарланды.

2042141
Қарабахта жарылыс

Әзербайжанның Қарабах аймағындағы Ханкенди-Аскеран жолының маңындағы бензин қоймасында болған жарылыс пен өрт салдарынан көптеген адамның қаза тауып, 200-ден астам адамның жараланғаны хабарланды.

Арменияның «Арменпресс» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ханкенди маңындағы Аскеран жолында орналасқан жанармай қоймасында кешкі уақытта жарылыс болды.

Қарабахтағы армян өкілдері жарылыс пен одан кейінгі өрт салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар көп екенін мәлімдеді.

Ханкендидегі барлық ауруханалар төтенше жағдайда. Қаза болғандардың санын анықтау мүмкін болмағаны айтылды.  Жараланғандар саны 200-ден асқаны, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар