Әлиев халыққа үн қатты

Ол Қарабахтағы армяндарға жағдай жасалатынын айтты.

2040355
Әлиев халыққа үн қатты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанның Қарабахтағы егемендігін қалпына келтіргенін айтып “Қарабахта тұратын армян халқының жағдайы жақын арада жақсы өзгеретініне сенімдімін», - деді.

Әлиев кеше Әзербайжан армиясының Қарабахта жүргізген және атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілген антитеррорлық операциядан кейін халыққа үндеу жасады.

Армян қарулы күштерінің қойған миналарының жарылысы салдарынан алдынғы күні бейбіт 6 Әзербайжан азаматының қаза тапқанын еске салған Әлиев 2-ші Қарабах соғысынан кейін 300-ден астам Әзербайжан азаматының мина құрбаны болғанын атап көрсетті. Әлиев Армениядан Қарабахқа мина әкелінгенін және Лачында шекаралық бақылау бекеті құрылғанға дейін әртүрлі жерлерге қойылғанын айтты.

"Бұл миналар 2021 жылы Арменияда өндірілген. Бұл миналардың 2-ші Қарабах соғысынан кейін лаңкестік әрекеттер жасау үшін Әзербайжанға әкелінгенін көрсетеді. Әзербайжан дереу қажетті қадамдар жасап, жауды лайықты түрде жазалады. Жергілікті лаңкестікке қарсы шаралар басталып, барлық тапсырмалар бір күнде орындалды. Әзербайжан егемендігін қайтарып алды» деді ол.

Әлиев Қарабахтағы армян халқының зардап шегуіне жол бермеу үшін операция алдында барлық әскерге байыпты нұсқаулар бергенін білдірді. «Біз бұған жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану арқылы қол жеткіздік» деді ол.

Ильхам Әлиев операцияның тоқтауы үшін Армения күштерінің қаруларын тастап, қарусызданып, Әзербайжан жерінен шығуы үшін шарт қойғандарын еске салып, армян күштері бұл шарттарды қабылдаған кезде атысты тоқтатудың жарияланғанын баса айтты.

Әлиев Қарабах армяндарының білім беру, мәдени, діни және муниципалдық сайлаулар сияқты барлық құқықтарының кепілдендірілетінін айтып, былай деді: «Әзербайжанда діни және ұлттық кемсітушілік жоқ және болмайды»



Ұқсас жаңалықтар