Яшар Гүлер Әзербайжан қорғаныс министрін құттықтады
Яшар Гүлер Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен телефон арқылы сөйлесті.

Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Әзербайжан қорғаныс министрі Закир Хасановты Әзербайжан армиясының Қарабахтағы лаңкестікпен күрес операциясындағы табыстарымен құттықтады.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановпен телефон арқылы сөйлесті.
Әріптесі Гасановты операцияның сәтті аяқталуымен құттықтаған Гүлер Түркияның бүгін де әрқашан болғандай Әзербайжанның жанында екенін білдірді.
Гүлер операцияда шәйіт болған сарбаздар үшін көңіл айтып, жаралы сарбаздардың сауығып кетуін тіледі.
Сондай-ақ министрлер түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар

Джевдет Йылмаз Түрікменстанға барады
Йылмаз ертең Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.

Сауда-экономикалық қатынастар артуда
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды табысты түрде тартуда.