Қарабахтағы заңсыз билік кедергі жасап отыр

Хаджиев "Гуманитарлық мәселелерді қасақана түрде әскери тақырыпқа айналдыру – олардың стратегиясы» деді.

2036969
Қарабахтағы заңсыз билік кедергі жасап отыр

Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев Қарабахтағы Арменияға қарасты заңсыз әкімшіліктің Ағдам-Ханкенди және Лачын-Ханкенди жолдарының бірге ашылуына кедергі жасап отырғанын білдірді.

Хаджиев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің 1 қыркүйек күнгі телефон әңгімесінде Ағдам-Ханкенди және Лачын-Ханкенди жолдарының Халықаралық Қызыл крест комитеті (ICRC) серік болатын жүк көліктері үшін қысқа мерзімде бірге ашылуы тақырыбында келісімге келгені,  осы тақырыпта Қызыл крестпен байланыс жасағандарын айтты.

Сол күннен бері 12 күн өткенін еске салған Хаджиев «Бірақ Арменияға қарасты заңсыз әкімшілік осы жолдың ашылуына кедергі болып отыр. Халықаралық серіктерімізді осы қиратушы саясатты тоқтатуы үшін Армения мен ол құрған заңсыз әкімшілікке қысымын екі есе арттырға шақырамыз. «Сұр алаң» мәртебесін жалғастыру және гуманитарлық мәселелерді қасақана түрде әскери тақырыпқа айналдыру – олардың стратегиясы» деді.

Әзербайжан армяндардың шекара қызметкерлеріне оқ атуы және Халықаралық Қызыл крест комитетінің көліктерімен заңсыз тауар тасымалдануын себеп ретінде көрсетіп, аталмыш жолдарға шектеу келтірді. Азаматтар үшін ашық тұрған маршрутта ауыр көліктердің өтуіне рұқсат берілмейді.

Ал Армения болса осыны сылтауратып, Қарабахтағы армяндар «гуманитарлық дағдарыспен бетпе-бет» деп байбалам салып отыр.

Өз билігіндегі жерге алдын ала хабар берілмеген көліктердің өтуіне жол бермейтінін білдірген Баку әкімшілігі Қарабахтағы армяндар үшін Ағдам-Ханкенді жолын ұсынады.

Әзербайжан Қызыл жарты ай қоғамы жіберген тонна ұн тиелген  2 көлікті болса орыс күштері күттіріп қойған.



Ұқсас жаңалықтар