Қазақстан президенті Қайрат Сарыбайды қабылдады

Қазақстан президентіне АӨСШК-тің даму перспективасы таныстырылды.

2029253
Қазақстан президенті Қайрат Сарыбайды қабылдады

Қазақстан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады.

 Қабылдауда  Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталмыш кеңестің қазіргі қызметі және алдағы даму перспективасы таныстырылды.

Бас хатшы Қайрат Сарыбай Президентке ұйымның 2022 жылғы 6-шы саммитінде қабылданған АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесінде көрсетілген негізгі бағыттардың орындалу барысы туралы мәлімет берді. Бұдан бөлек, форумның тұрақты институттарының жұмысы, орнықты өзара байланыс, қаржылық серіктестік, экология салаларындағы бастамаларды белсенді жүзеге асыру, сондай-ақ Азия елдері кеңістігінде жастар арасындағы және білім саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымның Астанада өткен 6-шы саммитінде көтерілген бастамаларды іске асыру маңызды екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар