Астық экспортын арттырды

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

2028284
Астық экспортын арттырды

Ресейден астықтың заңсыз келуіне жол бермеу үшін импортқа тыйым салу мерзімін тағы 6 айға ұзартқан Қазақстан Кавказ, Қытай және Ауғанстанға астық экспортын арттырып отыр.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

6 айда Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,1 миллион тонна астық экспорттаған Қазақстан жыл соңына дейін бұл көрсеткішті кемінде 6 миллионға дейін жеткізеді.

Коронавирустық пандемияға байланысты Қытайға 3 жыл экспорттай алмаған Қазақстан тыйым жойылғаннан кейін 6 айда 100 мың тоннадан астам бидай экспорттады.

Экспортты ұлғайту мақсатында екі ел арасында пойыз жөнелтілімін арттыру туралы келісімге қол қойылды.

Екінші жағынан, астық өндіруші және экспорттаушы дүние жүзінде бірінші орында тұрған Украина астығының әлемдік нарыққа шыға алмауының ашаршылық тудыруы мүмкін екені және бидай бағасының көтерілетіні айтылды.



Ұқсас жаңалықтар