Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастық қолға алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясынан келген ресми қонақты қабылдады.

2026071
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы  ынтымақтастық қолға алынды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев   елорда  Астанада Сауд Арабиясының Қоршаған ортаны қорғау, су және ауыл шаруашылығы министрі Абдулрахман әл-Фадлиді қабылдады.

Кездесу барысында Тоқаев Фадли сапарының екі ел арасындағы көп жақтылы қарым-қатынасқа практикалық серпін беретінін айтты.

Жиддаға соңғы сапары барысында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен кездесуін еске салған Тоқаев «Біз тығыз ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту туралы келістік» деді.

Фадли де Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Салманның Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі міндеттемелерін  жеткізді.

Фадли әсіресе азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне тоқталды.

Фадли  «Азық-түлік қауіпсіздігі – бүгінде бүкіл әлем үшін үлкен мәселе.  Біз Қазақстанның осы салада маңызды ойыншы болуға толық мүмкіндігі бар деп есептейміз» деп көрсетті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастығымен қатар ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.



Ұқсас жаңалықтар