Түрікменстан: "Транскаспий ынтымақтастығына дайынбыз"

Түрікменстан Сыртқы істер министрі «Каспий – бейбітшілік пен достық теңізі» тақырыпты форумда баяндама жасады.

2023801
Түрікменстан: "Транскаспий ынтымақтастығына дайынбыз"

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түркіменстанның Транскаспий құбыр желісі жобасын жүзеге асыру тақырыбында еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Мередов Түрікменстанның бас қаласы Ашхабадта өткен «Каспий – бейбітшілік пен достық теңізі» форумында баяндама жасады.

Каспий теңізі күнінің Түрікменстанның күш-жігерінің арқасында халықаралық іс-шаралар күнтізбесінде орын алғанын атап көрсеткен Мередов «Еліміз Каспийдің күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша әріптестермен келіссөзге әрқашан дайын және әртүрлі көзқарастар мен сындарлы ұсыныстарды талқылауға ашық» деді.

Мередов Каспий теңізіндегі көршілес елдер және аймақтан тыс мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткендерін айтты.

Энергетика саласындағы әртараптандыру стратегиясын ұстанатын Түрікменстанның Транскаспий құбыр желісі жобасын жүзеге асыруда еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап көрсеткен Мередов мұның тек экономикалық және коммерциялық тұрғыдан тиімді жоба ғана емес, сонымен қатар мүдделер мен пайдаларды тең есепке алу негізінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі шарты екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар