Түркия Түркістанда Бас консулдық ашады

Бас консулдықты қазан айында Түрік Мемлекеттері Ұйымының мемлекет басшылары саммиті кезінде ашу көзделуде.

2005299
Түркия Түркістанда Бас консулдық ашады
cevdet yilmaz.jpg
fahrettin altun.jpg

Түркия Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда тұңғыш Бас консулдық ашады.
Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Мұстафа Капучу мәлімет берді.
Бас консулдықты қазан айында Түрік Мемлекеттері Ұйымының мемлекет басшылары саммиті кезінде ашу көзделуде.

Түркістанға ресми сапармен барған Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Мұстафа Капучу Түркістанда Түркияның Бас консулдығы ашылатынын хабарлады.
Саммитке президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуы және Бас консулдықтың ашылу рәсіміне қатысуы күтілуде.

Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Мұстафа Капучу:

"Біз Түркістанға мән бергеніміздің символы ретінде осы қалада Түркия Республикасының Бас консулдығын ашуға шешім қабылдадық. Құдай қаласа, Бас консулдықты қазан айында ұйымдастырылатын саммит кезінде ашуды жоспарлап отырмыз" деді.

Капучу Түркістанға сапары аясында Бас консулдық ғимаратын салу жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Бас консулдықтың ашылу мақсатына да тоқталды.

Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Мұстафа Капучу:

"Түркістанда Бас консулдық ашудағы мақсатымыз Бас консулдық қызметтерінің жасалуымен бірге оның симвоолдық маңызы да бар. Осы жердегі бауырластарымыздың байланыстарымызды қалай жақсартатынымызды ойластырудамыз.  Сол себепті Бас консулдығымыз осы мақсат үшін де қызмет көрсететін дипломатиялық міндеміз болады" деп көрсетті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған тұңғыш ел болған Түркия Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда Бас консулдық ашқан алғашқы Түркия Республикасы ретінде тіркеледі.



Ұқсас жаңалықтар