Әзербайжан Лачинде шекара бекетін құрды

Әзербайжанның шекаралық бақылау режимінің ашық және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін Армениямен ынтымақтастыққа дайын екені баса көрсетілді.

1978355
Әзербайжан Лачинде шекара бекетін құрды

Әзербайжан Армениямен шекарадағы Лачин-Ханкени жолының басындағы Лачин дәлізінде шекара бекетін құрды.

Әзербайжан Мемлекеттік шекара қызметі ұйымының мәлімдемесінде Армениядан Әзербайжандағы заңсыз армян қарулы топтарына адам күші, оқ-дәрі, миналар және басқа да әскери техникалардың материалдардың тасымалдануын тосу мақсатымен және Арменияның сол жерде құрған шекара бекетіне жауап ретінде Лачин-Ханкени жолының басында шекара бекеті құрылғаны білдірілді.

Аймақтағы орыс элементтерінің қолбасшылығы мен түрік-орыс ортақ бақылау орталығына тақырыпқа байланысты мәлімет берілгені хабарланды.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Лачин жолының басында шекаралық бақылау механизмінің құрылуы екі жаққа бағытталған сапарлардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні білдірілді.

Мәлімдемеде Әзербайжанның Қарабах аймағында тұратын армян халқының осы бекеттен екі бағытта Армения мен Әзербайжанға ашық және тұрақты транзиттік өтуі үшін қолайлы жағдай жасалатыны атап өтілді. Сонымен бірге бақылау бекетінің  ресейлік күштермен ымыраласа отырып, жұмысты жалғастыратыны хабарланды.

Әзербайжанның шекаралық бақылау режимінің ашық және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін Армениямен ынтымақтастыққа дайын екені де баса көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар