Әзербайжан шейіттері үшін ескерткіш

1915 жылғы шайқаста шейіт болған Әзербайжан жауынгерлерін еске алу мақсатында «Әзербайжан ескерткіші» ашылды.

1961894
Әзербайжан шейіттері үшін ескерткіш

Дарданелл соғысы барысында 1915 жылғы шайқаста шейіт болған Әзербайжан жауынгерлерін еске алу мақсатында «Әзербайжан ескерткіші» ашылды.

«Шейіттер ескерткіші» аллеясындағы мемориалдың ашылуында сөз сөйлеген Әзербайжанның Түркиядағы өкілетті елшісі Решад Мамедов Әзербайжан ескерткішінің Чанаккале түбегінің ең әдемі жерінде, түрік шейіттері ескерткішіне 500 метр қашықтықта ашылғанын айтты. Ескерткіштің жас және болашақ ұрпақ үшін өте маңызды екенін айта келе Мамедов "100 жыл бұрын әзербайжан түріктері, Қырым түріктері, Орталық Азия түріктері, Османлы түріктері иық тіресе, осы жерді қорғап, бір жерде шейіт болды. Миллиондаған турист, шетелдіктер, түрік азаматтары осы жерге келіп, осы үлгілі қарым-қатынасымыз, бауырмалдылығымызға куә болады” деді.

Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Чанаккале шайқастары және Галлиполи тарихи алаңы төрағасы Исмаил Кашдемир «Түркияда тұратын түріктер мен Әзербайжандағы түріктер екі мемлекет болса да, бір ұлт.  Мұны әрқашан айтып отырамыз. Осы бауырластықтың символы ретінде осы ескерткіш баршаға сәлем беретін болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар