Балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті

Заң шеңберінде  бүгіннен бастап айыппұл 69 000 теңге құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

1955371
Балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті

Қазақстандықтар қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін төрт есе артығымен айыппұл төлейді.

Бүгіннен бастап Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің жаңаланған түрі іске қосылды.

Заң бойынша ұсақ бұзақылық қатарына жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарға, құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ пайдалану орындарына, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікке нұқсан келтіру, айналаға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын жайттар жатады.

Заң шеңберінде  бүгіннен бастап айыппұл 69 000 теңге құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы заңға 3 қаңтар күні қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар