Әлиев пен Путин сөйлесті

Бұл туралы Әзербайжан президенттік аппараты хабарлады.

1946780
Әлиев пен Путин сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы қатынастарды және Әзербайжан-Армения шекарасында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамдалуы тақырыптарын талқылады.

Бұл туралы Әзербайжан президенттік аппараты хабарлады. Хабарға қарағанда, телефон әңгімесінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен транспорт жобалары қарастырылды.

Телефонда басшылар Оңтүстік Кавказ аймағындағы қазіргі жағдайға байланысты егжей-тегжейлі көзқарас алмасты. Әзербайжан – Армения шекарасында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамдалуы үшін шара қолданудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге Ресей, Әзербайжан мен Армения арасындағы үштік келісімнің мүлтіксіз орындалуының маңызды екенін де баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар