Жер сілкінісінде қаза болған оқушылардың жаназасы еліне жіберілді

Жаназаларын отбасылары, достары және жақындары қарсы алды.

1945526
Жер сілкінісінде қаза болған оқушылардың жаназасы еліне жіберілді

Түркиядағы жер сілкіністері кезінде Адыямандағы «Исиас» қонақүйінің үйіндісі астында қаза тапқан Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР)12 азаматының денесі еліне жеткізілді.

Адыяманнан СКТР-на жіберілген волейбол командасындағы 12 адамның жаназаларын отбасылары, достары және жақындары «Ержан» әуежайында қарсы алды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде өлі денесі табылған 8 оқушы, 1 мұғалім және 3 ата-ананы жерлеу рәсімі ресми түрде өткізілді.

СКТР-нан барлығы 35 адам, 24 спортшы, 5 мұғалім және 6 ата-ана мектеп аралық спорттық жарыстарға қатысу мақсатымен Адыяманға қаласына келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар