Ясауи университетінің студенттері де көмек жинап жатыр

Елдің әртүрлі аймағынан жиналған көмек THY рейстерімен күн сайын Стамбулға жіберіліп тұр.

1945786
Ясауи университетінің студенттері де көмек жинап жатыр

Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтарға көмек жеткізу ісі Қазақстанда жалғасып жатыр.

Түркістан облысында тұратын қазақ азаматтары да Түркияны ұмытқан жоқ. Түркістандық азаматтар жинаған жәрдемін Түркістан әуежайын басқаратын түрік компаниясы арқылы Түркияға жібереді.

Қазақстанның Түркістан облысының халқы аймақта жұмыс істейтін түрік компаниялары арқылы Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтуде.

Көмек акциясына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университетінің студенттері де өз үлестерін қосып жатыр. Түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келіп, Түркістанда білім алып жатқан студенттер көмек жинауда.

Бірінші кезекте шұғыл қажетті жылытқыштар, нәрестелер үшін жергөк, шатырлар, фонарлар, аккумуляторлар мен медициналық құралдар жолаушылар ұшақтары арқылы жөнелтіледі.

Елдің әртүрлі аймағынан жиналған көмек THY рейстерімен күн сайын Стамбулға жіберіліп тұр.



Ұқсас жаңалықтар