Әзербайжан армян халқы тұратын аймаққа мамандарын жіберді
Әзербайжан Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеме жасады.
Әзербайжан армян халқы тұратын және Ресей күштері уақытша орналастырылған Әзербайжан аумағындағы шахталардың заңсыз жұмыс істеуін және оның салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды тексеру және бақылау үшін аймаққа сарапшылар тобын жіберді.
Әзербайжан Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрлігі жасаған мәлімдемеде министрліктің талабы бойынша Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің Әзербайжанның тиісті мекемелерінің мамандарын аталған аймаққа жіберу үшін Ресей күштері қолбасшылығына өтініш бергені атап көрсетілді.
Сарапшылардың аймақтағы қызмет шарттарының ресейлік күштердің қолбасшылығымен талқыланғаны, келіссөздердің нәтижесі туралы жұртшылыққа хабарланатыны білдірілді.
Арменияға тиесілі әлеуметтік желідегі БАҚ аккаунттарында Әзербайжан азаматтарының Лачын дәлізін жауып тастағаны, Ханкендиді Армениямен байланыстыратын автожолда көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны алға тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
Көшпенді ойындарында Қазақстан алда келеді
Түрік спортшылары ат үстінде садақ ату, көкпар және садақ ату бойынша жарыстарға қатысуда.
Туризм және спорт министрлері кездесті
Қазақстан мен Түркияның Туризм және спорт министрлері бас қосты.