Тоқаев тәуелсіздіктің маңыздылығына тоқталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.

1903149
Тоқаев тәуелсіздіктің маңыздылығына тоқталды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   тәуелсіздік пен  бен ұлттық мүндделерді тек дипломатиямен ғана емес, қатал ұстаныммен қорғауға дайын екендерін айтты.

Тоқаев Каспий теңізінің жағасында орналасқан Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Аймақ халқымен кездескен Тоқаев өз сөзінде 2018 жылы Ақтауда өткен соңғы саммитте Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне байланысты елдің шекаралық мәселелердің шешілгенін айтты.

Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстанның барлық мемлекеттік шекаралары заңды түрде бекітілгенін атап өтті.

Тоқаев «Бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінде әлі де әртүрлі келіспеушіліктер (осы мәселе бойынша) бар. Тіпті ең жақын көршілеріміздің шекарасында да соғыстар мен қарулы қақтығыстар болып жатыр» деген сөздер қолданды.

Сайлауға кіріскен кезде соңғы айларда мемлекеттің ақпараттық жүйелеріне шабуылдардың жиілеп кеткеніне назар аударған президент Тоқаев «Біз жалған ақпараттың таралуын тоқтатамыз. Мен мұны бұрын да айтқанмын. Біз киелі тәуелсіздігімізді, ұлттық мүддемізді дипломатиямен ғана емес, қатал ұстаныммен қорғауға дайынбыз» деп көрсетті.

Тоқаев мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сыртқы саясаттағы күн тәртібімен қатар ішкі жағдайдың да әсері зор екенін айтты.

Тоқаев «Елімізде және шетелде дұшпандық пиғыл болған кезде бұған немқұрайды қарай алмаймыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар