Тоқаев баспасөз мәслихатын өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз Түркиямен стратегиялық қарым-қатынасты одан әрі дамытамыз» деді.

1892094
Тоқаев баспасөз мәслихатын өткізді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің жақын әрі бауырлас мемлекеттер екенін айтып «Біз Түркиямен стратегиялық қарым-қатынасты одан әрі дамытамыз» деді.

Түрлі кездесулерге қатысу үшін еліне келген президент Ердоғанмен Ақорда сарайында өткен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды ​​түрік әлемінің ата қонысы Қазақстанда қарсы алғанына қуанышты екенін білдірді.

Тоқаев «Бұл сапар қазақ-түрік қарым-қатынасын нығайта түсетіні сөзсіз» деп көрсетті.

Тоқаев биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып жатқанын және сол кезде екі ел арасында тығыз саяси диалогқа, өзара құрмет пен сенімге негізделген мемлекеттік қарым-қатынастар дамығанын атап өтті.

Мамыр айында астана Анкараға жасаған ресми сапарының нәтижесінде президент Ердоғанмен «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» туралы келісімге қол қойғандарын атап көрсеткен Тоқаев екі елдің жақын және бауырлас мемлекеттер екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз Түркиямен стратегиялық қарым-қатынастарды дамытуды жалғастырамыз. Екі елдің халықаралық істердегі ұстанымы жақын. Бұл шынымен маңызды. Біз халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз ынтымақтастықты сақтауға келістік» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар