Түркістанда "Тәжірибе алмасу бағдарламасы"

Тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Түркиялық студенттер Қазақстанға келді.

1875231
Түркістанда "Тәжірибе алмасу бағдарламасы"

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Қазақстанда тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында түрік студенттерді қабылдады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Жылыжай» жобасына үлес қосқан және ТИКА жүзеге асырған жобалармен танысқан студенттері TRT Қазақстан өкілдігінде де болды.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің ең ауқымды жастар қозғалысы болған «Тәжірибе алмасу» бағдарламасы аясында 12 студент пен Азаматтық қоғам қауымдастықтардың қызметкерлері Қазақстанға келді.

Студенттер Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық түрік-қазақ университетінде тәжірибе алмасты.

Қонақ студенттер сондай-ақ ТИКА-ның университетте өткен жылдары жүзеге асырған «Жылыжай» жобасының көгалдандыру және тазалық жұмыстарына да қатысты.

Бағдарламаға Түркияның әртүрлі университеттерінен қосылған студенттер мәдени қарым-қатынас аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен аймақтағы тарихи және туристік орындарды аралады.

Сондай-ақ бас қала Нұр-Сұлтандағы TRT Қазақстан өкілдігінде болып, жоба жұмысын бағалады.



Ұқсас жаңалықтар