Әзербайжанда 5 мың гектарлық алаң өртенді

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеме жасады.

1870375
Әзербайжанда 5 мың гектарлық алаң өртенді

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі елдің солтүстігіндегі орман алаңы мен айналасында шыққан өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Сийезен қаласына қарасты Дағ Кушчу ауылына жақын жерде үлкен аумақта шыққан өрттің бақылауға алынғаны және салқындату жұмыстарының жалғасқаны атап көрсетілді.

Өртпен күрестің таулы аймақтарда және қиын жағдайда жүргізілгені аталған мәлімдемеде ыстық пен желді ауа-райының өртті толығымен сөндіруге кедергі жасағаны тілге тиек етілді.

Министрліктің 200 қызметкері жұмылдырылған өртті сөндіру жұмыстарына амфибиялық ұшақ пен тікұшақтардың да қолдау көрсеткені білдірілді.

Губа қаласының Гошабулак ауылы маңында шыққан өрттің де бақылауға алынғаны, Гебеле қаласының Абрых және Тиканлы ауылдары маңы мен Туфандағ жеріндегі сондай-ақ Хачмаз қаласының Сибироба ауылы маңындағы орман алаңында шыққан өрттердің де кеше кешкі уақытта сөндірілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар