"Карабах жерінен армян әскерлері кетуі керек"

Макрон мен Әлиев телефон арқылы сөйлесті.

1864179
"Карабах жерінен армян әскерлері кетуі керек"

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ильхам Әлиевке телефон соққан Эммануэль Макрон соңғы күндері аймақта басталған шиеленіске алаңдағанын білдірді.

Макрон Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздерді жалғастырудың және 2020 жылғы 10 қарашадағы үшжақты декларацияның ережелерін орындаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Францияның екі ел арасындағы диалогты жалғастыруды қолдауға дайын екенін айтты.

Әлиев болса Арменияның тағы бір әскери арандатушылық жасағанын, Ресей күштері уақытша орналастырылған жерде арандатушылық нәтижесінде бір Әзербайжан әскерінің қаза тапқанын білдірді.

Әлиев шиеленістің барлық жауапкершілігінің Арменияға тиесілі екенін атап көрсетті. Ол Қарабах аймағындағы армян әскерлері мен заңсыз армян қарулы күштерінің Әзербайжан жерінен шығарылуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар