Тоқаев пен Реиси Тегеранда кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев ирандықтардың Қазақстанға 14 күн визасыз саяхат жасайтынын білдірді.

1845411
Тоқаев пен Реиси Тегеранда кездесті

Иран мен Қазақстан түрлі салаларда өзара түсіністік туралы 9 меморандумға қол қойды.

Иранның ресми IRNA агенттігінде жарияланған хабарға сәйкес президент Ибрахим Реиси астана Тегеранға ресми сапармен келген қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен Садабад сарайында кездесті.

Реиси мен Тоқаевтың аймақтық мәселелер, екі жақтылы қарым-қатынастар талқыланған кездесуінен кейін қол қою рәсімі өткізілді.

Екі ел министрлері "Транзит тасымалды дамыту, энергия, мәдениет, ауыл шаруашылығы, сауда-экономикалық байланыстар және басқа салаларды қамтыған 9 келісімге қол қойды. 

Ортақ баспасөз жиналысында президент Реиси Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға негіз қалайтын көптеген мүмкіндіктер бар екенін, келісімдерге қол қойылуы екі елдің қарым-қатынастарды дамыту жігерінің маңызды бір белгісі болғанын атап айтты.

Екі елдің өркендеу үшін талпынуы керектігін тілге тиек еткен Реиси:

"Екі елдің қарым-қатынастарымен бірге елдер арасындағы аймақтық қарым-қатынастарды да кеңейтуге бел байладық. Екі ел арасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Еуразия Одағы сияқты аймақтық ұйымдардағы ынтымақтастықты аймақ көлемінде де арттыруға болады" деді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық саладағы қарым-қатынастар дамығанын, Реисидің президенттігі кезінде Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достықтың күшейгенін жеткізді.

Ирандағы сапарда көптеген көлемді кездесулер өткізіліп, маңызды тақырыптар талқыланғанын айтқан Тоқаев ирандықтардың Қазақстанға 14 күн визасыз саяхат жасай алатынын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар