Бейбітшілік келіссөздеріне басымдық беруге шақырды

АҚШ СыKopyalaртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  Блинкеннің Әлиев және Пашинянмен телефонда сөйлескенін білдірді.

1808126
Бейбітшілік келіссөздеріне басымдық беруге шақырды

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен сөйлесіп, «аймақта қызуды арттырмауға» және «бейбітшілік келіссөздеріне басымдық беруге» шақырды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  Блинкеннің Әлиев және Пашинянмен телефонда сөйлескенін білдірді.

Хабарламаға қарағанда, Блинкен екі президентпен сұхбатында Ресейдің Украинаға шабуылдарын айыптады және жағдайды қабылдамайтынын тілге тиек етті.  Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында тыныштық, қызудың арттырылмауы және дипломатияның жүргізілуі керектігін атап көрсетті. Екі президентті де «екі ел арасындағы бейбітшілік келіссөздеріне басымдық беруге» шақырды. Ол Әлиев пен Пашинян арасында бүгін өткізілуі жоспарланған кездесудің маңызын атап көрсетті. Америка Құрама Штаттарының екі елге де дипломатиялық жағынан қолдау беруге дайын екенін тілге тиек етті.

Өткен аптадағы мәлімдемесінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мүмкіндігінше ең қысқа уақытта Армениямен бейбітшілік келісіміне қол қою керектігін білдіріп, «Территория тұтастығы және халықаралық шекаралардың қол сұғылмаушылығының өзара танып, артынан шекараның анықталуы негізінде Кавказда бейбітшілікті орнатады деп ойлаймын» деген болатын.

Пашинн да ауқымды бейбітшілік келіссөзінің басталуына дайын екенін білдірген еді.

Әлиев пен Пашинянның бүгін Брюссельде бас қосуы жоспарланды.   

 



Ұқсас жаңалықтар