Ердоған Тоқаевпен телефонда сөйлесті

Телефонда екі лидердің Türkiye-Қазақстан қарым-қатынастары, Ресей мен Украина соғысының аяқталуын және аймақтық тақырыптарды кеңескені білдірілді.

1807003
Ердоған Тоқаевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефонда екі лидердің Türkiye-Қазақстан қарым-қатынастарын дамыту қадамдары мен Ресей мен Украина соғысының аяқталуын және аймақтық тақырыптарды кеңескені білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефонда Ресей мен Украина соғысының басталуымен бірге шығыс пен батыс бағытында Каспийден өтетін Орталық дәлізіндің дамытылуына деген қажеттіліктің артқанына меңзеп, Türkiye-Қазақстан арасында тасымал саласында толық еркіндіктің қамдалуы мәжбүрлігі ортаға шыққанын және осы тақырыпта нақтылы қадамдар басудың пайдалы болатынын білдірді.

Режеп Тайып Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефондағы әңгімеде бір-бірін Ораза айымен құттықтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен де телефонда сөйлесті.

Телефонда екі басшының Türkiye-Қазақстан қарым-қатынастарын дамыту қадамдары мен Ресей мен Украина соғысының аяқталуын және аймақтық тақырыптарды кеңескені білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия президенті Саули Ниинистёмен де телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефонда екі лидердің Türkiye-Финляндия қарым-қатынастарын дамыту қадамдары мен аймақтық тақырыптарды кеңескені білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефонда Türkiye-Финляндия Экономикалық және сауда ортақ Комитетінің алғашқы жиналысының маусымда астана Анкарада өткізілетініне риза болғанын білдірілді.

Соңғы кезде қорғаныс өеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың артқанына тоқталған Президент Ердоған Türkiye-ге әскери материалдар экспортының алдына қойылған кедергілердің жойылуын күткендерін тілге тиек етті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия президенті Саули Ниинистёмен кеңесінде Ресей мен Украина соғысының аяқталуы және гуманитарлық жәрдем дәліздерінің ашылуы талпыныстарын жалғастырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар