Ердоған Өзбекстаннан елге оралды

Ердоғанды Үргеніш Халықаралық әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен жұбайы Зироат Мирзиеева аттандырып салды.

1804585
Ердоған Өзбекстаннан елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған кездесулерін аяқтатып, Өзбекстаннан елге оралды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанды Үргеніш Халықаралық әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен жұбайы Зироат Мирзиеева және лауазымдылар аттандырып салды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанның астанасы Ташкенттегі ресми кездесулерінен кейін сапарының екінші аялдамасы болған Үргенішке ұшақпен келген болатын.

Үргеніштен автожолмен Түрік Ислам тарихының маңызды орталықтарының бірі Хиуаға келген Ердоған мен жұбайы Емине Ердоғанға президент Шавкат Мирзиеев пен жұбайы Зироат Мирзиеева жолсерік болды.

Екі басшы мен еріп келген делегациялар «Ичан сарайы» аймағына барғаннан кейін түрік салт-дәстүріне сай қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды.

Ердоған мен Мирзиеев «Ичан сарайын» аралап, аймақтағы тарихи орындарды тамашалады.

Хиуада салтанатпен күтіп алынған Ердоған артынан  президент Шавкат Мирзиеевтің өзіне арнаған қонақасына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар