Ердоған Өзбекстанға барды

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанның бас қаласы Ташкентке барды.

1803575
Ердоған Өзбекстанға барды

Президент Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Өзбекстанға барды. 

Ердоғанды астана Ташкентте Халықаралық әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және жұбайы қарсы алды. 

Президент Ердоған Өзбекстанның астанасындағы "Янги Узбекистон" (Жаңа Өзбекстан) саябағында Жаңа ескеркішіне гүл шоқтарын қойды. 

Ердоғанды Шавкат Мирзиеев Куксаройда (Көк сарай) салтанатты рәсіммен қарсы алды. 

Рәсімде президент Ердоған мен Өзбекстан президенті Мирзиеевтің рәсім алаңында болуынан кейін екі елдің әнұраны айтылды.

Президент Ердоған мен   Мирзиеев оңаша кездесті және делегациялар арасы кездесуге басшылық етті. 

Ердоғанның сапары барысында Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Ташкентте өтетін жиналыста стратегиялық ортақтық деңгейіндегі Түркия-Өзбекстан қарым-қатынастары егжей-тегжейлі талқыланады. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тіпті күшейтілуі үшін басылатын қадамдар қолға алынады. 

 



Ұқсас жаңалықтар