Конияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Қазақстан Республикасының Кония құрметті консулы Мұстафа Кабакчы консулдықтың Конияға және Түркі әлеміне қызмет етуін қалайтынын білдірді.

1795970
Конияда Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Конияда Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы ашылды.

Беташар рәсіміне қатысқан Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы құрметті консулдықтың екі бауырлас елге де қайырлы болуын тіледі.

Түркия мен Қазақстанның ұзақ жылдардан бері барлық салада бірге жұмыстанғанын айтқан Абзал Сапарбекұлы:

"Түркия Қазақстанда компания ретінде ең көп жұмыстанған екінші ел. Конияны өте маңызды деп қараймыз. Конияда 100 мөлшерінде қазақ студент білім алуда. Құрметті консулдық және басшыларымыздың қолдауымен Кониядағы ынтымақтастығымызды бекемдей түсуді нысанаға алып отырмыз" деді.

Қазақстан Республикасының Кония құрметті консулы Мұстафа Кабакчы консулдықтың Конияға және Түркі әлеміне қызмет етуін қалайтынын білдірді.

Түркияны бәйтерек деп қарайтынын айтқан Кабакчы:

"Бәйтеректің бұтақтары бар, түрік, қазақ, қырғыз, түрікмен ұлттары бар" деді.

Ұлт болудың  тарихта бірге ойлау арқылы мүмкін екенін айтқан Кабакчы:

"Соғыспау үшін қандас немесе діндес болудың жетпейтінін Украинада көрдік. Өзіңізді бір ұлтқа тән деп сезінсеңіз және осы жайлы қиялдарыңыз болса,  бұл - ұлт болып табылады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар