Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жолдады

Көмек медициналық құралдардан тұрады.

1795119
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жолдады

Қазақстан Украинаға 28,2 тонна медициналық құралдан тұратын гуманитарлық көмектің бірінші бөлігін жөнелтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімдемеде негізінен дәрі-дәрмектен тұратын гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі таңертең Алматы әуежайынан Украинаға жөнелтілгені білдірілді.

Мәлімдемеде Украинаға жалпы салмағы 28,2 тонна дәрінің 17 түрінен тұратын гуманитарлық көмектің жеткізілетіні атап өтілді.

Аталмыш көмек Украинаға   Польша арқылы жіберілді.

"Қазақстан үкіметі бұл үшін Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек тарату орталықтары орналасқан көрші елдермен келісіп отыр. Біз ертең гуманитарлық көмектің екінші партиясын жібереміз" деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар