Драги мен Әлиев телефонда сөйлесті

Екі басшы энергетика саласы бойынша ынтымақтастықты жетілдіру тақырыбын талқылады.

1791845
Драги мен Әлиев телефонда сөйлесті

Италия премьер-министрі Марио Драги және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті.

Премьер-министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеде Драги мен Әлиевтің азанда телефон арқылы сөйлескені, екі басшының Украинадағы жағдай мен энергетика саласында өзара ынтымақтастықты жетілдіру тақырыбын талқылағаны атап көрсетілді.

Табиғи газда Ресейге 40 пайыз тәуелді Италия Ресей-Украина соғысы салдарынан энергия ресурстарын әртараптандыру тақырыбында тиісті елдермен байланысын өткен аптадан бері арттырды.

Осы тұрғыда Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында 28 ақпанда Алжирге және 5 наурызда сұйытылған табиғи газды жеткізуші жетекші елдердің бірі Катарға барды.

Сонымен қатар премьер-министр Драги 5 наурызда Катар әмірі шейх Тамим бен Хамед Әл Санимен телефон арқылы сөйлесті.

Осы тұрғыда Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында сұйытылған табиғи газды жеткізуші елдердің басында келген Алжирге 28 ақпанда және Катарға 5 наурыз күні барған болатын.

Сонымен қатар премьер-министр Драги 5 наурыз күні Катар Әмірі Тамим ибн Хамид әл-Санимен телефон арқылы сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар