"Қанды қаңтар" құрбандарын еске алды

Әзербайжанда 20 қаңтардағы қырғын құрбандары еске алынды.

1765808
"Қанды қаңтар" құрбандарын еске алды

Әзербайжанда тәуелсіздіктің символына айналған, тарихқа «қанды қаңтар» деген атпен енген 20 қаңтардағы қырғын құрбандары еске алынды.

Әзербайжандықтар 1990 жылғы қырғында қаза тапқандарды еске алу үшін Баку шейіттері аллеясына ағылды. Қар жауғанына қарамастан, зиратқа бару үшін мыңдаған адам ұзын-сонар кезек қалыптастырды. Бейіттерге қызыл қалампырлар қалдырылып, шейіттер рухына дұға бағышталды.

Президент Ильхам Әлиев пен оның жұбайы Михрибан Әлиева да Шәйіттер аллеясына барды.  Әлиев «Мәңгілік от» монументіне гүл шоғын қойды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де елдің түкпір-түкпірінде барлық шейіттер үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. Осы кезде Каспий теңізінің жағалауындағы кемелер мен көліктер сигнал берді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі «Қанды қаңтар» оқиғасының 32 жылдығына байланысты мәлімдеме жасады.

«Қанды қаңтар» оқиғасының 20-ғасырдың ең қорқынышты қылмыстарының бірі екені атап көрсетілген мәлімдемеде оқиғалардың әлі халықаралық саяси-құқықтық жағынан қолға алынбағаны атап өтілді. Мәлімдемеде «Бұл қылмысқа бұрынғы Кеңес үкіметі тікелей жауапты. Халықаралық құқық бойынша 20 қаңтардағы оқиға адамзатқа қарсы қылмыс санатына жатқызылып, оны жоспарлаушылар мен жасағандар жазалануы керек» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар