Қазақстанда төтенше жағдай аяқталды

Қалаларға кіру және шығу қайтадан еркін.

1764807
Қазақстанда төтенше жағдай аяқталды

Қазақстанда 5 қаңтарда жарияланған төтенше жағдай аяқталды.

Елорда Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимінің аяқталуымен 19 қаңтарда түн ортасынан бастап елдегі өмір қалыпты қалпына келді. Қалаларға кіру және шығу қайтадан еркін.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли халықтың бірлігі мен ынтымағы, қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының күш-жігерінің арқасында бүкіл Қазақстан бойынша тәртіп пен тыныштық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.

Қазақстанның батысында 2 қаңтарда сұйытылған мұнай газының қымбаттауы және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы себебімен басталған наразылықтар елдің бұрынғы астанасы Алматыда зорлық-зомбылыққа ұласты.

Қаңтардың 5-і күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев наразылықтарға үкімет жауапты деп санап, үкіметтің отставкаға кетуін қабылдады.  Кейін елде төтенше жағдай жариялады.

Қазақстанның Бас прокуратурасы оқиғадан 225 адам қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар