Әзербайжан-Армения шекарасында шиеленіс

Әзербайжан кеше түскі уақытта армян күштерінің шекарада араңдату шабуылы жасағанын мәлімдеді.

1761112
Әзербайжан-Армения шекарасында шиеленіс

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Келбеджер бағытында кеше түскі уақытта Армения қарулы күштері бастаған арандату салдарынан шекарадағы қызудың артқанын жариялады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Әзербайжан армиясының шиеленіске себеп болған тараптың шабуылдарын доғару үшін операциялық шараларды іске қосқаны білдірілді.

Әзербайжан әскерінің артиллерия мен әуе көліктері қолданбағаны жағдайдың Әзербайжан сарбаздарының бақылауында екені атап көрсетілді.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Біз Арменияның әскери арандатушылықтарын жалғастыруын қатаң түрде айыптаймыз» деді.

Мәлімдемеде шиеленіске Арменияның әскери лауазымдылары мен саясаткерлерінің толық жауапты екені баса айтылды.

Кеше түскі уақытта Армения қарулы күштерінің шабуылы салдарынан бір Әзербайжан әскері шәйіт болған еді.



Ұқсас жаңалықтар