Қазақстанның Түркиядағы елшісі Сапарбекұлы оқиғаларға баға берді

Елші Сапарбекұлы Анадолы агенттігіне елдегі оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.

1758155
Қазақстанның Түркиядағы  елшісі Сапарбекұлы оқиғаларға баға берді

Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы өз еліндегі наразылық акциялары әуелі қарапайым талаптармен басталғанын, оқиға Алматыға таралғаннан кейін талаптардың басқа бағытқа бұрмаланғанын айтты.

Елші Сапарбекұлы Анадолы агенттігіне (AA) еліндегі оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстандағы оқиғалардың Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты халықтың наразылығымен басталғанын еске салған Сапарбекұлы: "Бұл наразылық акциялары бір күнге созылды. Келесі күні түн ортасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың бұл талаптары мен экономикалық жағдайды заң аясында тексеруді тапсырып, тапсырма берді. Соның аясында үкіметтік комиссия құрылды. Бұл комиссия мүшелері оқиға болып жатқан Маңғыстау облысына барды. Комиссия халықпен келіссөздер жүргізді. Президентіміз халқымыздың өз құқықтарын ашық білдіруге құқылы екенін және наразылық шеңберінен шықпау керектігін айтты» деді.

Комиссия мүшелері мен наразылық білдірушілер кездесуінен кейін сұйытылған газ бағасының төмендегенін атап өткен Сапарбекұлы қауіпсіздік күштерінің бейбіт тұрғындарға күш қолданбағанын білдірді.

Елші елдің ең ірі қаласы Алматыдағы кейбір наразылық акциялары заң бұзу арқылы арандатушылық әрекеттерге айналғанын баса айтты.

«Наразылықтар ең алдымен қарапайым талаптармен, ең алдымен бағаны төмендету, халықтың экономикалық жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру туралы негізгі талаптарымен қалыптасты. Оқиғалар Алматыға таралғаннан кейін талаптар басқа бағытқа бұрмаланды» деді ол.

Сапарбекұлы «Президентіміз түсіндіргендей, бұл оқиғаларға ішкі және сыртқы факторлар ықпал етті» деді.  

Елші  кейбір қалаларда вандализмге баратын оқиғалар орын алғанын білдірді.

"Қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасалды, қарулы күштер арасында қаза тапқандар бар. Алматыда вандализмге дейін барған оқиғалар болып жатыр" деді елші.



Ұқсас жаңалықтар