БҰҰ мен АҚШ-тан Қазақстанға шақыру

Қазақстанда зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырды.

1758031
БҰҰ мен АҚШ-тан Қазақстанға шақыру
stephane dujarric.jpg

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) әкімшілігі Қазақстанды «тыныштық» пен «конституциялық институттарды құрметтеуге» шақырды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс жазбаша мәлімдемесінде президент Джо Байден әкімшілігінің Қазақстандағы оқиғаларды жіті бақылап отырғанын айтты.

Зорлық-зомбылық және мүлікке зиян келтіру әрекеттерін айыптайтындарын атап өткен Прайс мәлімдемесінде:

"Біз билікті де, демонстранттарды да сабырлы болуға шақырамыз. Біз барша қазақстандықтардың конституциялық институттарды, адам құқықтарын, баспасөз бостандығын құрметтеп, қорғауын қалаймыз. Сондай-ақ барлық тараптарды төтенше жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырамыз» деген сөздер қолданды.

Екінші жағынан, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстанда жалғасып жатқан шерулер мен елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін сабырға, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик Қазақстандағы оқиғаларды алаңдаушылықпен қадағалап отырғандарын мәлімдеді.

Дюжаррик Қазақстандағы барлық тараптарды ұстамдылыққа, зорлық-зомбылықтан аулақ болуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар