Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай жарияланды

Президент Тоқаев елордада төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

1757598
Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай жарияланды

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтандағы наразылық шерулері себепті төтенше жағдай жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Осыған қарағанда Нұр-Сұлтанда қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында төтенше жағдай жарияланды.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарияланған төтенше жағдайда қалада жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Қоғамдық және стратегиялық ғимараттарды, әсіресе әлеуметтік тәртіпті қорғау шаралары күшейтіледі. Қалаға кіру-шығуға шектеу қойылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақстан премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелген еді.

Батыс Қазақстанның Жаңаөзен қаласында сұйытылған мұнай газы бағасының көтерілуіне жүргізушілер көрсеткен наразылық ел көлеміне тарап кеткендіктен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар