Мехмет Муш Бакуде әріптестерімен бас қосты

Мехмет Муш  Бакуде ұйымдастырылған Түркия-Әзербайжан-Грузия 6-шы Бизнес форумына қатысты.

1747554
Мехмет Муш Бакуде әріптестерімен бас қосты
Mikayil Cabbarov-Mehmet Mus.jpg
Natia Turnava-Mehmet Mus.jpg

Сауда министрі Мехмет Муш Әзербайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаров және Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Натя Турнавамен жеке-жеке кездесті.

Мехмет Муш Әзербайжанның бас қаласы Бакуде ұйымдастырылған Түркия-Әзербайжан-Грузия 6-шы Бизнес форумынан кейін Джаббаровтың кабинетіне барды.

Мехмет Муш кездесу жайлы Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде кездесудің табысты болғанын, екі жақтылы  сауда байланыстары, елдер арасындағы таңдаулы сауда келісімі, инвестициялар, мердігерлік секторы және логистикалық тақырыптарда кеңескендерін хабарлады.

Мехмет Муш артынан Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Натя Турнавамен кездесті.

Мехмет Муш кездесу жайлы Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде:

"Еркін сауда келісімінің көлемін кеңейту, қызмет өтеу саудасы, Баку-Тбилиси-Карыс темір жолы мен кеден тақырыптарындағы ынтымақтастық сияқты күнтәртіптегі мәселелерді қолға алдық" деді.



Ұқсас жаңалықтар