Брюссельде Хиуа мәдениет күндері басталады

Еуропалық өнер сүйер қауым Өзбекстанның інжу-маржаны Хиуа қаласымен танысады.

1733893
Брюссельде Хиуа мәдениет күндері басталады

Еуропаның жүрегі Брюссельде Хиуа мәдениет күндері басталады.

Еуропалық өнер сүйер қауым 2021 жылдың 15-18 қарашасы аралығында «Брюссельдегі Хиуа мәдениет күндері» тақырыбымен өтетін іс-шаралар аясында Өзбекстанның інжу-маржаны Хиуа қаласымен танысады.

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой ұйымдастыратын Хиуа мәдениет күндері 15 қараша күні Өзбекстанның Брюссельдегі елшілігінде музыкалық концерт пен гастрономиялық шоумен басталады. 16 қарашада Еуропарламентте «Жібек жолындағы мәдени мұраны сақтау және насихаттау; «Түрік әлемінің 2020 жылғы мәдени астанасы Хиуадан көрініс» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді. Сол күні TOBB Брюссель өкілдігінде ашылатын «Түрік әлемінің 2020 жылғы мәдени астанасы Хиуадан алған әсерлер» атты фотосурет көрмесі 3 күн бойы келушілерге ашық болады.

 

Мәлімет Түріксойдан алынды. 



Ұқсас жаңалықтар