Велошабандоз Рәббім Борашев Бейнеу – Нұр-Сұлтан бағытын бағындырды

Борашевті бас қалада спорт сүйер қауым мен жанашыр жұртшылық қарсы алды.

1709127
Велошабандоз Рәббім Борашев  Бейнеу – Нұр-Сұлтан бағытын бағындырды

Велошабандоз Рәббім Борашев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап Бейнеу – Нұр-Сұлтан бағытын бағындырды.

Ол 1800 километр жолды велосипедімен жүріп өтті.

61 жастағы Рәббім Борашев велосипедімен 18 күн жол жүрді.

«Студенттік жылдардан бері спортпен шұғылданамын. Демалыстарымды мүмкіндігінше табиғатта өткізуге тырысамын. Екі жыл бұрын жүйелі түрде велосипед айдай бастадым. Осы саяхатты өткен жылы бастап едім, алайда бесінші күні елдегі эпиджағдайға байланысты тоқтаттым.  Биыл мақсатыма жеттім. Мен балаларыма, жастарға үлгі болғым келеді» деді ол.

Борашевті бас қалада спорт сүйер қауым мен жанашыр жұртшылық қарсы алды. Олар велошабандозға Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайына дейін еріп барды.



Ұқсас жаңалықтар