Әзербайжан Арменияға қарсы сот ашады

Лейла Абдуллаева Халықаралық Әділет сотында Арменияға қарсы іс ашатындарын» білдірді.

1707216
Әзербайжан Арменияға қарсы сот ашады

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Лейла Абдуллаева «Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны бұзғаны себебімен Халықаралық Әділет сотында Арменияға қарсы іс ашатындарын» білдірді.

Ол Әзербайжанның 2021 жылы қаңтар айында Еуропадағы Адам құқықтары сотында Арменияға қарсы ашылған соттық іске қосымша Арменияның сотталуы үшін Халықаралық Әділет сотына да өтініш беретіндерін айтты.

Абдуллаева Әзербайжан территориясының бір бөлігі Армения оккупациясынан құтқарылғаннан кейін әзербайжандықтарға қарсы ауыр қылмыстар жасалғанының дәлелденгенін айтты. Бұлардың арасында Арменияның этникалық тегіне орай әзербайжандықтарды елдерінен күштеп көшіргені, өлтіргені және жаман қарағаны да бар.

Абдуллаева Арменияның шабуылдаушылығы салдарынан 1 миллионнан астам азаматтың елдерін тастап кетуге мәжбүр болғанын білдірді.

Кейбір Әзербайжан қалаларының жер бетінен өшіп қалғанын еске салды.

Абдуллаева хабарламасында «2020 жылдың 10 қараша кұнінде Ресей, Әзербайжан және Армения мемлекет басшылары қол қойған үштік декларациядан кейін Армения әзербайжандықтардың өз үйлеріне қайтуының алдын алу үшін бір кездері оккупацияда болған аймақтарға мина төсеп, мина карталарын беруге қарсы шығып, Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны бұзуды жалғастырды.  Біз осы келісімнің бұзылуына байланысты әділет іздейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар