Түрік Кеңесінде хаттамаға қол қойылды

Экономикаға жауапты министрлері Бакуде бас қосты

1705570
Түрік Кеңесінде хаттамаға қол қойылды

Түрік Кеңесі Экономикаға жауапты министрлері Бакуде бас қосты.

Түркітілдес Мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Әзербайжанның бас қаласы Бакуде Экономикаға жауапты министрлерінің 10-шы жиналысы өтті.  Жиналыста «Түрлі экономикалық аймақтар арасында мәлімет және тәжірибе бөлісуге байланысты хаттамаға» қол қойылды.

 Әзербайжан Экономика министрі Микаил Жаббаров пен Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев ұйымдастырған жиналысқа Қырғызстан министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары, Экономика және Қаржы министрі Акыбек Жапаров, Қазақстан Сауда және интеграция министрі Бақыт Султанов, Өзбекстан Инвестиция және сыртқы сауда министрінің орынбасары Азиз Воитов пен Венгрия Сыртқы істер және сауда министрлігі мемлекеттік хатшысы Петер Старай қатысты.

Жиналысқа Түркия атынан Сауда министрі Мехмут Муш қатысты.

Министрлер Венгрия және Қырғызстанда келесі кезеңде ұйымдастырылуы жоспарланған Бизнес және инвестиция форумдарының организациялары жөнінде келісті. Жиналыстан кейін министрлер келісім хаттамасына қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар