ТР вице-президенті Мариповпен кездесті

Октай мен Марипов оңаша кездесу өткізді.

1705552
ТР вице-президенті Мариповпен кездесті

Вице-президент Фуат Октай Қырғызстанда министрлер кабинеті төрағасы және Қырғызстан Аралас экономикалық комиссиясы тең төрағасы Ұлықбек Мариповпен кездесті.

Түркия мен Қырғызстан Аралас экономикалық комиссиясының 10-шы жиналысы өтетін Ала-Арча мемлекеттік резиденцияда бас қосқан Октай мен Марипов оңаша кездесу өткізді. Кездесуге Қырғызстан Сауда және Сыртқы істер министрліктерінің делегациялары мен Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Садык Доған қатысты.

Марипов Октайға келгені үшін алғыс айтты.  Қонақжайлық үшін алғыс айтқан Октай болса «Біз атамекендеміз.  Бұл жерде қонақ секілді сезінбейміз» деді.

Октай артынан Мариповпен бірге екі елдің мемлекеттік және жеке меншік секторлары арасында жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту координациясы жиналысына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар