Фуат Октай Қырғызстанда

Фуат Октай Қырғызстанда құрылысы аяқталған Маариф фондының кешенін ашады.

1705470
Фуат Октай Қырғызстанда

Вице-президент Фуат Октай Аралас экономикалық комиссияның 10-шы жиналысына қатысу мақсатымен Қырғызстанға кетті.

Октай сапар шеңберінде екі ел арасындағы қатынастарға жылдамдық беруі көзделген аккредитация мен сауда, өнеркәсіп, энергия, қатынас, медицина, егіншілік, орман және туризм саласында қол қойылатын хаттама рәсіміне қатысады.

Октай түрік компанияларының өкілдерімен де бас қосады.  Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен де кездеседі. Артынан өзінің құрметіне берілетін қонағасыға қатысады.

Фуат Октай кейіннен Қырғызстанда құрылысы аяқталған Маариф фондының кешенін ашады.

Осы арада Түркияның коронавирус эпидемиясымен күрес шеңберінде берген 150 мың доза Sinovac вакцинасы Бішкекке жетті.

Ұшақ Манас Халықаралық әуежайына барып қонды.  Вакцина тасыған ұшақты Қырғызстан Медицина және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев пен Түркияның Қырғызстандағы өкілетті елшісі Ахмет Садык Доған қарсы алды.



Ұқсас жаңалықтар