Ердоған мен Жапаров телефонда сөйлесті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефондағы кеңесте Түркияны 30 тамыз Жеңіс мерекесімен құттықтады.

1699833
Ердоған мен Жапаров телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефонда сөйлесті.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Түркия мен Қырғызстан қарым-қатынастарын дамытатын қадамдар мен аймақтық тақырыптар талқыланғаны білдірілді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров телефондағы кеңесте Түркияны 30 тамыз Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ердоған Қырғызстанды тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Президент Ердоған Түркияның  30 жылдың алдында Қырғызстанның тәуелсіздігін тұңғыш таныған және Бішкекте алғаш өкілетті елшілік ашқан ел екеніне меңзеп, бауырлас Қырғызстанның тұрақтылығы, байлығы мен өркендеуіне жәрдемін жалғастыратынын айтты.

Өткен 30 жылда Түркия мен Қырғызстан қарым-қатынастарының барлық салада дамығанына риза екенін айтқан Ердоған биыл екі ел қарым-қатынастарының стратегиялық ортақтық өресіне көтерілуінің 10 жылдығы екеніне назар аударды.

Президент Ердоған Түркия мен Қырғызстан арасындағы күшті ортақ тіл, дін, мәдениет және тарихтан келген стратегиялық ынтымақтастықтың бекемделетіне деген сенімін тілге тиек етті.

Екі басшы Түркия мен Қырғызстан қарым-қатынастарын дамытатын қадамдар басуды жалғастыруға келісті. 



Ұқсас жаңалықтар