Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасы өртенді

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев төрағалығындағы арнайы комиссияның аймаққа барғаны хабарланды.

1697966
Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасы өртенді

Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де болғанын хабарлады.

Мәлімдемеде:

"Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасының маңында өрт шықты. Өрт қоймалардың біреуінде белгісіз материалдардың жарылуына себеп болды. Аймақта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда" деп көрсетілді.

Өрттің шығу себебі зерттелгені білдірілген мәлімдемеде Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев төрағалығындағы арнайы комиссияның аймаққа барғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар