Заң факультетінде оқитын студенттерге стипендия

Өтінімдер 31 қазан күніне дейін "basvuru.ytb.gov.tr" адресінен қабылданады.

1697094
Заң факультетінде оқитын студенттерге стипендия

Шетелдегі Түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының (YTB) шетелдегі заң факультеттерінде білім алатын түрік жастарына беретін стипендиясына өтінім қабылдана бастады.

YTB-нің хабарламасына қарағанда, шетелдегі заң факультеттетінде оқитын түрік жастарына қолдау беру, жаңа буын құқықшылардың түрік қоғамының құқықтық тақырыптарына тарту және мамандануын қамдау мақсатымен стипендия беріледі.

Стипендия бағдарламасына қосылатын бакалавр, магистратура және докторантура деңгейіндегі студенттердің сол елдегі түрік қоғамының халықаралық құқық, Еуропа Одағы құқығы,  адам құқықтары,  шетелдіктердің құқықтары саласында зерттеу, мақалалар, заңды кеңестер секілді жұмыстар атқаруы жоспарланды.

Стипендия бағдарламасына орта білімін шетелде алған 1 қаңтар 1991 және одан кейін туғандар қабылданады.

Бағдарламаға алдымен Германия, Австрия, Бельгия, Франция және Нидерланды секілді елдер,  Америка Құрама Штаттары, Австралия, Дания,  Финляндия, Ұлыбритания, Швеция, Италия, Канада және Норвегияда заң факультетінің үшінші курс және жоғарысында оқитындар мен магистратура және докторантура оқитындар өтінім бере алады.

Өтінімдер 31 қазан күніне дейін "basvuru.ytb.gov.tr" адресінен қабылданады.

Стипендия шарттары мен кеңірек мәліметті "www.ytb.gov.tr/hukukbursu" адресінен алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар