Түркия Қазақстанға ризашылығын білдірді

ТР Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялады.

1688512
Түркия Қазақстанға ризашылығын білдірді

ТР Сыртқы істер министрлігі орман өртін сөндіруге жолдаған көмегі үшін Қазақстан Республикасына ризашылығын білдірді.  

Елдің сыртқы саяси ведомствосы Twitter парақшасында «Қазақ бауырларымызға тілектестік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз» деп жазды.

 Министрлік ризашылығын қазақ және түрік тілдерінде жеткізді.

Естеріңізде болар, 7 тамыз күні Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін екі арнайы тікұшақ пен 16 құтқарушы жіберген болатын. Қазақстандық тікұшақтар сенбі күні ұшып шықты және үш мемлекетте аялдап, Түркияның Мугла қаласына жетті.

Түркияда орман өртін сөндіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

 



Ұқсас жаңалықтар