Әзербайжан 92 мың мина картасына 15 армянды айырбастады

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1669345
Әзербайжан 92 мың мина картасына 15 армянды айырбастады

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі 92 мың мина карталарына айырбастау үшін елде ұсталған 15 адамның Арменияға қайтарылғанын хабарлады.

Министрлік Армения бір кездері басып алған Физули мен Зангилан провинцияларына көмген 92000 танкке қарсы және пехоталарға қарсы миналардың карталарын жеткізгенін мәлімдеді.

Әзербайжан тарапының болса елде ұсталған 15 армян азаматын кері қайтарғаны білдірілді.

Кері қатару процесінің Ресейдің бастамасымен жүзеге асқаны атап көрсетілді.

Әзербайжан бұған дейін Агдам қаласында көмілген 97 мың мина картасы орнына 15 адамды Арменияға кері қайтарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар