Жапаров бірінші сұхбатын TRT-ге берді

Жапаров TRT Avaz арнасының «Еуразия күн тәртібі» бағдарламасында Жошкун Өзеннің сұрақтарына жауап берді.

1635169
Жапаров бірінші сұхбатын TRT-ге берді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әлем телеарналарына алғашқы сұхбатын Түркия телерадио корпорациясына (TRT) берді.

Жапаров TRT Avaz арнасының «Еуразия күн тәртібі» бағдарламасында Жошкун Өзеннің сұрақтарына жауап берді.

Жапаров Түркия мен Қырғызстан қатынастарына тоқталып, екі ел арасында жаңа кезеңнің басталғанын атап көрсетті. Ол Түркия мен Қырғызстан қарым-қатынасы бұрыннан бері бауырластық қатынасы екенін айтып: «Біздің мың жылдық ортақ тарихымыз бар. Сондықтан Түркия және басқа да түрік елдерімен қатынастарды бауырластық деңгейде пішіндеу үшін жұмыстанамыз» деді.

Жапаров түрік әлемінде белсенді бір Қырғысстан болатынын айтты.  Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының және Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксойдың маңыздылығына тоқталып,  осы ұйымдарға белсенді мүше болатындарын атап көрсетті.

Президент TRT арнасын да жиі қадағалап отырғанын айтып, қырғыз мемлекеттік KTRK-ның TRT-мен бірге жұмыс істеуіне болатынына назар аударды. Ол екі арнасының ынтымақтасу шешімі шықса,  барлық қолдауды беретінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар