Үкаша Ата мазарына келушілер саны күн санап артып келеді

Оның басы Меккеде, денесі Түркістан облысындағы Бабайқұрған ауылында жерленген.

1621654
Үкаша Ата мазарына келушілер саны күн санап артып келеді

Қазақстандағы жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударатын орындардың бірі - Түркістан облысындағы Үкаша Ата мазары және құдығы.

Түркістан қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан кесенеге келушілер саны күн санап артып келеді.

Аңыз бойынша Үкаша Ата Әз. Мұхаммед  қайтыс болғаннан кейін исламды тарату үшін Түркістанға келеді. Үкаша Ата (Уккаше бин Михсан) сәждеге барғанда кәпірлердің қолынан шейіт болады.

Аңызға жүгінсек, таң намазында басы сәждеге енді барғанда дұшпанның қылышының соққысынан жерге салбырап түскен сахабаның мүбәрәк басы ешкімге ұстатпай, құдыққа түсіп кетеді. Ал құдық болса, жерасты жолдары арқылы сонау Меккедегі зәмзәм бұлағымен жалғасады дейді айтушылар. Себебі құрбан болған сахабаның басы сол балбұлақтан табылып, пайғамбардың қабірінің аяқ жағына жерленіпті-міс.

Сондықтан оның басы Меккеде, денесі Түркістан облысындағы Бабайқұрған ауылында жерленген.

Үкаша Атаның басына келушілер осы  құдыққа шелек лақтырады. Егер осы шелекке су толса, адамның жүрегі таза әрі күнәсіз екенін білдіреді. Кейде тереңдігі 25 метрге жететін құдықтан алтын бөлшектер, гүлдер немесе тас кесектері сумен бірге шығады. Кейде тіпті 1 грамм су да шықпай қалады.

Өзінің қызықты тарихымен адамдардың назарын аударатын кесене мен құдыққа келушілер саны күн санап артып келеді.

   

 

TRT Нұр-Сұлтан өкілдігі

Гузал Заитова

 

 



Ұқсас жаңалықтар